"Қайсар" футбол тобының ойыншалары коронавирус жұқтырған: Жаңа деректер айтылды

30 маусым, 09:49
0 1

Қазақстандық "Қайсар" футбол құрамасының өкілдері 25 ойыншы коронавирус жұқтырды деген ақпараттан соң жаңа мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"1 шілдеде футболдан ел біріншілігі жалғасады. Сондықтан талапқа сәйкес "Қайсар" футбол клубы өткен сәрсенбіде тест тапсырған болатын. Тест нәтижесімен кейбір футболшылардан оң нәтиже анықталды. Бүгін команда екінші мәрте қайта сынамадан өтті. Тест нәтижесі барлығында да теріс нәтижені көрсетті. Футболшылардың денсаулығы қалыпты жағдайда. Ойыншылар алдағы кездесуге дайындығын жүргізуде", - деді футбол тобының өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін "Қайсардың" бірден 25 футболшысы коронавирус жұқтырды деген ақпарат айтылған еді.