"Ювентус" Италия кубогінің финалына өтті

14 маусым, 09:32
0 1

"Ювентус" командасы "Миланмен" ойында тең түсті және екі ойынның нәтижесі бойынша футболдан Италия кубогінің финалына шықты, деп хабарлайды kaz.vesti.kz тілшісі.

 

1/2 финалының жауапты кездесуі Туринде өтті және 0:0 есебімен аяқталды. Ойынның 16-шы минутында алаң иелерінде пенальти соғуға мүмкіндік болды, бірақ Криштиану Роналду қақпаның бағанасына тиді. Ал арадан бір минут өткенде қонақтардың құрамы азайып қалды. Анте Ребич ойыннан қуылды.

 

Миланда өткен алғашқы кездесуде де есеп 1:1 болып, мықты анықталмады. Бірақ қонақ алаңындағы голы үшін финалға "Ювентус" өтті. Туриндік клубтың қарсыласы Неаполде анықталады. Ол жақта "Наполи" мен "Интер" ойнайды. Алғашқы жартылай финалдағы ойында 1:0 есебімен неаполдықтар жеңді.

 

Италия кубогінің финалы 18 маусымға қараған түнде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 01:00-де болады.