Футболдан Испания чемпионаты жалғасын табатын уақыт айтылды

22 мүмкін, 11:54
0 1

Коронавирус пандемиясына байланысты аяқталмай қалған Испания чемпионаты 12 маусымда қайта жалғасады, - деп хабалайды "Чемпионат" жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

 

Маусым жалғасында бірінші ойын "Реал Бетис" - "Севилья" арасында өтеді.

 

Чемпионат 12 маусымда қайта жалғасатыны туралы клубтарға ресми түрде 28 мамырда хабарланады екен.

 

Еске салайық, Примера ойындары наурыз басында тоқтатылды, қазіргі таңда 27 тур матчтері аяқталған. Турнир кестесінде 58 ұпаймен "Барселона" көш бастап келеді, мадридтік "Реал" екі ұпай кем жинады.

 

kaz.vesti.kz