Ең қымбат жас футболшының есімі белгілі болды

25 марш, 11:44
0 1

CIES Football Observatory зерттеу компаниясы Еуропаның жетекші бес лигасындағы 2000 жылы туған ең қымбат футболшылыар тізімін жасады.

 

Рейтингте бірінші дортмундтық "Боруссия" жартылай қорғаушысы Джейдон Санчо - 198,5 миллион еуро. Екінші оның командаласы Эрлинг Холанд (101,5 миллион). Ал үшінші мадридтік "Реал" хавбегі Родриго (88,9 миллион).

 

Сонымен қатар ондыққа мына футболшылар кірді:

 

4. Винисиус Жуниор ("Реал") - 73,9 миллион еуро;

5. Каллум Хадсон-Одои ("Челси") - 72,3;

6. Ферран Торрес ("Валенсия") - 55,2;

7. Эдуардо Камавинга ("Ренн") - 53;

8. Мэйсон Гринвуд ("Манчестер Юнайтед") - 50,6;

9. Фил Фоден ("Манчестер Сити") - 50,4;

10. Мойзе Кин ("Эвертон") - 46.

 

CIES ойыншылардың құнын, жасын, ойын деңгейі мен клубтың қаржылық қуатын есепке ала отырып шығарды.

 

Ал әлемнің ең қымбат ойыншысы - Килиан Мбаппе (ПСЖ). Франциялық футболшы 248 миллион еуроға бағаланып отыр, бірақ, ол 1998 жылы туғандықтан рейтингке кірмеді.

 

kaz.vesti.kz