"Ювентус" шабуылшысы коронавирус жұқтырды

22 марш, 18:55
0 1

"Ювентус" клубының шабуылшысы Пауло Дибала коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

 

Аргентиналық спортшы медициналық тексерістен өтіп, COVID-19 анықталды. 26 жастағы футболшыдан әзірше ауру белгілері анықталмаған. Дибала - коронавирус жұқтырған турин футбол клубының үшінші ойыншысы. Бұған дейін қорғаушы Даниэле Ругани мен хавбек Блез Матюиди коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.

 

Дибала Instagram желісіндегі парақшасында сүйіктісі Ориана екеуінен коронавирус анықталғанын айтқан.

 

"Қазір бізге жақсы жағдай жасалған. Қолдауларыңызға рахмет", - деді футболшы.

 

Италия бес жетекші еуропалық лиганың арасында бірінші болып коронавирусқа байланысты чемпионаттың тоқтатылғаны туралы жариялады.

 

kaz.tengrinews.kz