"Реалдың" экс-президенті коронавирустан қайтыс болды

22 марш, 11:43
0 1

Испания "Реал Мадрид" клубының экс-президенті Лоренсо Санс 76 жасында коронавирус пандемиясынан қайтыс болды.

 

17 наурызда коронавирус инфекциясын жұқтырды деп аса ауыр күйде ауруханаға түскен. Кейіннен қойылған диагноз расталды.

 

Санс "Реал" клубын 1995 пен 2000 жылдар аралығында басқарған. Одан кейін тағы бір Испания клубы "Малага" клубының қожайыны болды (2006-2010 жылдар аралығында).

 

Санстың кезінде "Реал" Еуропа чемпиондар кубогын екі рет ұтып алды (1998, 2000). Оған дейін 32 жыл бойы топ жара алмай жүрген болатын. Сондай-ақ Испания чемпионаты (1996/97) мен Құрлықаралық турнирде жеңіске жетті (1998).

 

baq.kz