Месси дәретхана қағазымен "Үйде қал" челленджіне қосылды (видео)

20 марш, 10:30
0 1

Каталондық "Барселона" және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси "Үйде қал" челенджіне қосылды, - деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

 

Доп орнына дәретхана қағазын тебетін челлендж Желіде таралып кеткен еді. Оның негізгі мақсаты - адамдарды коронавирус пандемиясына байланысты үйлерінен шықпауға шақыру.

 

Месси бұл челленджді Хавиден қабыл алып, өз кезегінде эстафетаны Артуро Видаль, Жорди Альба, Луис Суарес пен Серхио Агуэродан жалғастыруын сұрады.

 

ВИДЕО: www.instagram.com/p/B97qr31CPB4/