"Барселона" хавбегі АПЛ-ге оралады

19 марш, 17:36
0 1

Каталондық "Барселонаның" жартылай қорғаушысы Филиппе Коутиньо келесі маусымда Англия премьер-лигасына оралуы мүмкін, -деп хабарлайды Sport.es.

 

Лондондық "Челси" каталондық клуб және 27 жастағы бразилиялықтың өкілдерімен кезедсу өткізіп, футболшыны кейінірек сатып алу құқымен жалға алу шарттарымен танысқан. "Челси" футболшыға жылына 30 миллион еуро төлеуге дайын екен.

 

Ал каталондық клуб Каутиньо трансфері үшін ешкім 90 миллион еуро төлей алмайтындықтан, оны жалға беру жолын қарастырып отыр. Бразилиялық биылғы маусымды өткізген "Бавария" да футболшыны сатып алғысы келеді, бірақ, 110 миллионға бағаланған сатып алу құнын тым асыра сілтенген деп отыр.

 

kaz.vesti.kz