Қазақстанда тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы іске қосылады

23 ақпан, 11:01
1135

Қазақстанда тұрғын үй қорын басқаратын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Министрдің айтуынша, жалдау ақысын субсидиялау тетігін іске асыру үшін "Отбасы банктің" өкілеттіктері күшейтіледі.

 

"Бұл механизмде жалға берілетін тұрғын үй пулдарын қалыптастыратын, тұрғын үй қорын басқаратын және жалға алушылармен шарт жасасатын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын іске қосу ұсынылады", &ndash деді Атамқұлов үкімет отырысында.

 

Министрлік жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысының 21 АЕК (Нұр-Сұлтан қаласы үшін &ndash 31 АЕК) мөлшерін субсидиялауды ұсынып отыр.

 

Айта кетейік, бұған дейін Бейбіт Атамқұлов азаматтар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына тек бір-ақ рет қатыса алатынын мәлімдеген еді.