БЖЗҚ салымшыларының комиссиялық сыйақысы төмендеді

15 қаңтар, 12:08
2221

Ұлттық банктің баспасөз қызметі Қазақстанда БЖЗҚ салымшыларының комиссиялық сыйақысы төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

"Бұл өзгерістер салымшылар өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқаруға аудара алатын БЖЗҚ, Қазақстан Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар арасындағы комиссиялық сыйақыны бөлуді, сондай-ақ оның шекті мөлшерлердң деңгейінің төмендеуін көздейді.

 

Қабылданған түзетулерге сәйкес, БЖЗҚ үшін тек зейнетақы активтерінен комиссия құрылады. Сонымен бірге көрсетілген комиссиялық сыйақының шекті мөлшері 60 пайызға &ndash зейнетақы активтерінен айына 0,025 пайыздан 0,01 пайызға дейін төмендетілді", делінген хабарламада.

 

Сонымен бірге Қазақстан Ұлттық Банкінің ұсынысымен оның комиссиялық сыйақының шекті мөлшері инвестициялық кірістің 73 пайызы &ndash 7,5 пайыздан 2,0 пайызға дейін төмендетілді.

 

Банк мәліметінше, егер бұрын БЖЗҚ инвестициялық кірістен комиссия алған болса, онда жаңа талаптарға сәйкес сыйақы тікелей инвестициялық портфельді басқарушыға түседі. Бұл салымшыға инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысы бақылауға мүмкіндік беріп, өзіне тиімді шарттарды таңдауға жағдай жасайды.