Қазақстанда доллар қымбаттады

14 қаңтар, 14:20
2079

Қазақстанда доллар қымбаттады. KASE қор биржасындағы мәліметтерге қарағанда, доллар 0,80 теңгеге қымбаттады. Таңғы сессияның қорытындысы бойынша, ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 419,90 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 421,48 теңгеден сатылса, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар орташа есеппен 420,94 теңгеден сатылып жатыр.