Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты жыл сайынғы квота биыл республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады деп жазады azattyq-ruhy.kz.
 
Қазір 1,7 мың кәсіпорында 14,6 мың шетел азаматы жұмыс істейді, ал қазақстандық қызметкерлердің үлесі - 96%. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
 
2021 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат мына санаттар бойынша:
 
* Басшылар және олардың орынбасарлары - 1 354 рұқсат;
 
* Құрылымдық бөлімшелердің басшылары - 7 510 рұқсат;
 
* Мамандар мен білікті жұмысшылар - 12 235 және 4 170 адам;
 
* Маусымдық жұмыс үшін 2 976 адамға рұқсат берілді.
 
Еске сала кетейік, былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі еңбек нарығын білікті емес шетелдік жұмыс күшінен қорғау және қазақстандықтар үшін жұмыс орынын сақтау үшін ШЖК тарту квотасы 2019 жылмен салыстырғанда 40%-ға қысқартылды.