Төреғали Төреәлі бір күндік өмірін көрсетіп жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

13 қаңтар, 17:57
1366

Белгілі әнші қалың көпшілікке ашылып, өмірі жайлы тың мәліметтерді де бөліскен.

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі барша жанкүйерлеріне өзінің бір күндік өмірін көрсетіп, әншілердің жұмысындағы қызықтармен бөлісті. Ұлы дала баласы бүгінде әрбір түсіріліміне ұлын ертіп жүретін болған деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Төрғали Төреәлі өнерін жоғары бағалайтын табынушыларына барынша жақын болуға тырысып, оларға өзінің күні қалай өтетінін көрсетті. 

Белгілі әнші қалың көпшілікке ашылып, өмірі жайлы тың мәліметтерді де бөліскен. Бұған дейін түрлі концерттерде бір өзі немесе әкесімен бірге бой көрсететін өнер иесі енді әр шарасына әйелі мен ұлын алып баратын болған. Оған Төреғалидің түсірген арнайы видеосы дәлел болмақ.

Бейнежазбада эстрада жұлдызы пандемиядан кейін араға бір жыл салып, "Республика сарайына" келген сәтін ел назарына ұсынған. Онда әншінің қасында жары Толқын мен ұлы Төренұрдың тұрғанын байқауға болады. 

Өнер иесінің айтуынша, бұл жолы ол баласын аталмыш ғимаратқа алғаш рет алып келген. Төреғали сол жерде өзге де шоу-бизнес жұлдыздарымен қауышып, өзі де сахнада ән шырқаған. Ұлы дала баласы өнер көрсетіп болған соң, келіншегі мен баласымен үйіне қайтты. Онда оларды ерлі-зайыптылардың кішкентай қыздары ерекше күтіп алған. 

Әншінің қос қызғалдағы ата-анасының алдынан жүгіріп шығып, олардың оралғанына қатты қуанған. Төреғали Төреәлінің бір күндік өмірі қалай өтетіні көрініс тапқан видео Youtube желісіндегі "TTTV" каналында жарияланған.