Димаштың жүрегі бос па?

21 қараша, 01:58
0 1

Әнші Димаш Құдайберген MUZ-TV арнасының бас директоры Арман Дәулетияровқа сұхбат берді.

Ол балалық шағындағы естеліктерімен, жетістіктерімен бөлісті. Әнші балалық шағында отбасының түрлі үйірмеге қатысуға жағдай жасағанын айтып өтті. Алғашқы табысы туралы да әңгіме қозғады.

«Бес жасымда республикалық «Айналайын» конкурсына қатыстым. Аталған байқауда лауреат атанып, 1 000 теңге мен алғыс хат иемдендім. Сол алғыс хатым мен мың теңгені әжеме тезірек табыстауға асыққаным есімде. Оның өзіне бірнәрсе алғанын қаладым. Үйге жақындаған кезде анамнан қайта-қайта «Ақша сізде ме? Қазір әжеме береміз» деп сұрай бергенім есімде», &mdash дейді Димаш Құдайберген.
Әнші қазіргі табысы туралы айтудан бас тартты. «Мен үшін ақшаның орны бос. Ақшаны өмір сүру үшін ғана табамыз, болды. Басым бос, жүрегім де бос. Қыздардың үміттенуіне болады», &mdash деді ол.

aikyn.kz