"Ұзақ жасаңызшы": Иманбаева жеті жыл араласпаған әкесін туған күнімен құттықтады

23 мүмкін, 14:04
0 1

 Отандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әкесін туған күнімен ерекше құттықтады. Жеті жыл бойы әкесімен араласпай кеткен өнер иесі биыл онымен қауышып, байланысын қайта орнатқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Айгүл Иманбаева әкесінің 70 жасқа толуына орай Instagram парақшасында оған аса әсерлі жазба арнаған. Шоу-бизнес жұлдызы оған балалықпен өкпелеп қалғанын мойындап, тағы да кешірім сұрады. "Әке бүгінгі туған күніңізбен сізді шын жүрегіммен құттықтаймын! Бала болдым, сізге өкпелі болдым. Бала жүрегім көп нәрсені түсінгісі келмеді. Бірақ міне жаратушым шебер. Араға қанша жылдар салып, сізді жүрегіммен аңсап, сағындырып барып қайта қауыштырды. Сіз қасымда болмаған уақытқа да алғыс айтамын. Өйткені өмірді түсіндірді. Барымды бағалауымды түсіндірді. Айгүл болып қалыптастырды! Сол үшін де мен сізді жақсы көремін әке! Шүкір. Сізді бүгінгі 70 жасыңызбен құттықтаймын! Ұзақ жасаңызшы. Ауырмаңыз, балларыңыздың, немерелеріңіздің қызықшылығын көріңіз! Сіздердей талантты, ақылды, мейірімді әке-шеше берген жаратушыма алғысым шексіз" , - деп жазды ол. Еске сала кетейік, Айгүл Иманбаева отандық бағдарлама аясында әкесі туралы жан сырып ақтарып, оған жеті жылда алғаш рет қоңырау шалған.

KAZ.NUR.KZ.