Коронавирусқа қарамастан шетел асқан жұлдыздар (фото)

17 марш, 08:51
0 1

Отандық шоу-бизнес өкілдері еліміздегі коронавирус пандемиясына байланысты орнаған ауыр жағдайға қарамастан шетелдегі сапарларынан бас тартпаған. "Ringo World" продюсерлік орталығының басшысы Алуа Қонарова бүгінде Түркия елінде жүрсе, instagram жұлдызы Айнұр Нұрсейітова Грузия мемлекетінде саяхаттап жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Алуа Қонарованың Instagram парақшасындағы мәліметке сәйкес, ол бауырлас елге маңызды себеппен ғана барған.

 

Белгілі продюсер анасын туған күнімен құттықтап қайтуды мақсат етіпті

 

"Анамның туған күнін бірге тойлау үшін ұшып кеттім. Алла қаласа, ертең ол 75 жасқа толады. Қазіргі аса қиын уақытта екеуміздің бірге болғанымыз қандай жақсы деп ойлап қоямын ішімнен" , - деп жазды Қонарова.

 

 

Instagram жұлдызы Айнұр Нұрсейітова болса, елімізде төтенше жағдай жарияланған сәтте Грузияда демалып жатыр.

 

Ол әрбір күнін қалай өткізіп жатқанымен өз оқырмандарымен бөлісуде.

 

Танымал келіншек Грузияның әсем жерлерінде болып, олардан алған әсерлерін белсенді түрде жеткізіп жүр.