Атышулы Say Mo бейәдеп биімен жұрттың ашуын туғызды (видео)

14 ақпан, 12:18
0 1

Ресейлік "Песни" жобасының арқасында көпке танылған Say Mо-ның кезекті видеосы желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік өнер иесінің бейнежазбадағы образын тым ашық, ал биін аса ерсі деп санаған. Оқырмандар әнші жазбасының астында пікірталас тудырып, онда өз наразылығын білдіріп жатты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Жақында ғана демалыстан оралған Say Mo,елге орала сала Instagram желісін қайта шулатты. Рэп оқитын бойжеткен парақшасында ашық образбен қабырғаға тақала билеген видеосын жариялаған.

 

Ол әйгілі Джастин Бибердің "Yummy yummy" әніне билеп, өзінің бар дене сымбатын паш еткен.

 

Желі қолданушылары Say Mo-ның бейнежазбасына қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі оның асқан иілгіштік әрі би қабілетіне тәнті болып жатса, енді бірі оның бұл қылығын қазақ қызына сай емес екенін жазуда.

 

Оған қоса, кейбір оқырмандар шоу-бизнес жұлдызының мінсіз мүсініне ғашық болғанын ашық түрде айтқан.

 

"Ғашық бодым" , "Неткен сұлу едіңіз" , "Тамаша би, керемет орындау" , "Сен не жасасаң да жарасады" , "Кіші кезінен бимен айналысатыны көрініп-ақ тұр" , "Күшті билеп қояды екенсіз" , "Масқара, мына қыздың ағалары қайда қарап жүреді?" , "Ұят-ай, не киіп алғансың" , "Жабықтау киінсеңші, мына түрің тіпті шектен шыққандық" , - деп жазуда көпшілік.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/B8eIyU8FPNM/