Асхат Садырбай өзіне жасалып жатқан құйтырқы әрекеттер туралы айтты

14 ақпан, 09:37
0 1

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай желіде өзіне қатысты таралып жатқан жалған ақпараттар легін жоққа шығарды. БАҚ өкілі өз атына арнайы тапсырыспен құйтыртқы әрекеттер жасалып, негізсіз айыптаулар тағылып жатқанын мәлімдеді. Ол өзінің абыройына нұсқан келтірген әрбір адамның заң жүзінде жауап беретінін ескертті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Асхат Садырбай Instagram желісінде азулы жазба жариялап, көпшілікке мәселенің ақ-қарасын нақты білмей жатып, шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауға шақырды. Ол әзірге отбасында орын алған мәселені толықтай жария етпейтінін жеткізді.

 

Алайда, журнеалист өзін сынап жатқан жұртшылыққа алдағы уақытта бәрін түсінетін болатынын хабарлады.

 

"Құрметтілерім! Соңғы уақытта менің атыма тапсырыспен жасалып жатқан құйтыртқы әрекеттерге, айтылып жатқан жалған ақпараттар мен негізсіз айыптауларға мән бермеңіздер! Құдай сақтасын! Ол әңгімелердің ешқайсысы шындыққа жанаспайды. Бәріміз үмітпен ұрпақ өсіріп отырмыз. Соттың соңын күтейік.

Менің атыма тіл тигізіп, абыройыма нұсқан келітіріп жатқан жандарға артық сөздер үшін заң алдында жауап беретіндеріңізді ескертемін! Уақыты келгенде бәрін түсінесіздер. Алла жар болсын баршамызға! Тілектеріңізге рахмет! Қандай жағдай болмасын ардан аттамай, адам боп қалайық! Амандық болсын" , - деп жазды журналист.

 

 

Айта кетейік, бұған дейін Асхат Садырбай жанұясына қатысты шулы жаңалыққа жауап берген болатын. Ол екінші жарымен айырылысып кеткенін мәлімдеп, өзара бала мәселесін шеше алмай жатқанын айтып қалды.