"Осы жолы шынымен сабайды". Сарапшы Головкин - "Канело" трилогиясы туралы

25 марш, 18:49
0 1

Екі салмақта бұрынғы әлем чемпионы, америкалық және британиялық телевидениеде бокс сарапшысы Пол Малиньяджи FightHype.com порталына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы жекпе-жегіне қатысты ойымен бөлісті.

 

"Головкин бұрын өте мықты боксшы еді, бабында болғанда, ал қазір қартайып қалды. Қазір "Канеломен" жекпе-жек ол үшін ұтымды келісімшарт қана. Жалпы айтқанда бұл ұлы жас боксшы қартайған ұлы боксшыны жеңетін оқиға. Бірақ бұл жолы "Канело" Головкинді шынымен сабайды.

 

Нокаут? Альварес үшінші жекпе-жекте Головкинді нокаутқа түсіре алады деген ойдамын. Бірақ бұл оқиғада ең масқарасы не екенін білесіздер ме? Ол алдыңғы екі жекпе-жекте Головкинге қиянат жасалғанын ешкім есіне де алмайтындығында", дейді Мальянджи.

 

kaz.vesti.kz