"Канело" Альварес Головкинмен трилогия алдындағы жекпе-жек келісімшартына қол қойды

19 марш, 13:21
0 1

Төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) екінші орта салмақта WBO титулының иегері британиялық Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы ESPN Deportes хабарлады.

 

Басында олардың кездесуі 2 мамырда Лас-Вегастағы (Невада штаты) T-Mobile Arena-да өтуі керек болған. Боксшылар бұл туралы ресми түрде осы аптада хабарлайды деп жоспарланған, алайда коронавирус эпидемиясына байланысты жекпе-жек кейінге қалған еді.

 

Осыған байланысты Сондерс пен "Канело" жекпе-жегі белгісіз мерзімге шегерілді. Дереккөздің мәліметінше, боксшылар енді маусымда жұдырықтасады.

 

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 12 қыркүйекте өтетіні хабарланған. Екі тарап қаржылық шарттарды ауызша келіскен.

 

kaz.vesti.kz