"Қыздардың жұдырықтасқанына қарсымын". Бапкер Олимпиада алдында әйелдерге басқа ұсыныс жасады

19 марш, 09:16
0 1

2020 жылғы Олимпиадада әйелдер бокстан бес салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Өзбекстан құрамасының аға бапкері Тулкин Киличев kaz.vesti.kz тілшісімен сұхбатында осыған байланысты өз пікірін білдірді.

 

Әйелдер боксында өнер көрсететін салмақ дәрежелері ерлер дивизионын қысқарту [оннан сегізге дейін] арқылы көбейтілді. 2016 жығы Олимпиада ойындарында әйелдер үш салмақта жарысқа түскен.

 

"Қарсымын. Қыздардың жұдырықтасқанына қарсымын. Басшылыққа бағынамыз, бірақ, өзіміз шешетін болсақ, онда әйелдер боксы болмайтын еді. Біз қыздарымызды ұзататын едік", - деп әзілдеді бапкер.