«Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жек жөнінде шешім қабылдады

18 марш, 08:43
0 1

The Athletic басылымы Мексика боксшысы Сауль Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинмен қыркүйек айында өтетін үшінші жекпе-жегін қалай жоспарлап отырғанын баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.


«Канело» маусым айында Сондерспен жекпе-жек өткізуге әлі де ниетті екенін айтты. Бірақ ол коронавирус кесірінен өтпей қалса, Головкинмен үшінші жекпе-жекке бірден өтуге әзір екенін білдірді», - деп жазады The Athletic.

 

Еске сала кетсек, бастапқыда Альварестің британдық Билли Джо Сондерспен жекпе-жегі 2 мамырға жоспарланған еді, алайда коронавирус пандемиясы салдарынан оны кейінге қалдыруға тура келген.

 

Головкинмен айқасуға келетін болсақ, Париматч букмекерлік кеңсесінің оған қатысты белгілеген бағасы мынадай: «Канелоның» жеңісі – 1.53, Головкиннің жеңісі – 2.40, тең түсу – 19.

 

Үшінші жекпе-жек 12 қыркүйек күні Арлингтондағы (Техас штаты, АҚШ) AT&T Stadium аренасында өтеді деп күтілуде.