Қазақстандық боксшылардың Олимпиадаға іріктеу турнирінің финалындағы қарсыластары

11 марш, 11:21
0 1

2020 жылғы Олимпиадаға жолдама ойнатылатын Амманда өтіп жатқан аймақтық турнир финалындағы қазақстандстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болды, - деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

 

Қазақстан құрамасынан шешуші кезеңге дейін төрт боксшы жетті - Закир Сафиуллин, Әбілхан Аманқұл, Бекзат Нұрдәулетов пен Василий Левит. Бұл боксшылардың бәрі лицензияны иеленіп қойғанын айта кетейік.

 

Финалда Сафиуллин әлем чемпионатының (2015) қола жүлдегері және Азия чемпионы (2017) өзбекстандық Эльнур Абдураимовпен кездеседі.

 

Әбілхан Аманқұл филиппиндік Эумир Марсьяльмен жұдырықтасады, кейінгісі әлемнің вице-чемпионы (2019) және Азия чемпионатының (2015) күміс жүлдегері.

 

Ал жалпылай тізім мынадай:

 

63 келіге дейін

Закир Сафиуллин (Қазақстан) - Эльнур Абдураимов (Өзбекстан)

 

75 келіге дейін

Әбілхан Аманқұл (Қазақстан) - Эумир Марсьяль (Филиппин)

 

81 келіге дейін

Бекзат Нұрдәулетов (Қазақстан) - Пауло Аокусо (Аустралия)

 

91 келіге дейін

Василий Левит (Қазақстан) - Давид Ньика (НЖаңа Зеландия)