DAZN "Канелоға" Головкинмен жекпе-жекке қатысты нақты ұсыныс жасады

05 марш, 10:44
0 1

DAZN стриминг қызметінің атқарушы директоры Джон Скиппер Сан-Диегода мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) кезедсіп, қазақстадық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жекке қатысты ұсыныс жасады, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

 

Скиппер "Канелоға" келісімшартта көрсетілген 365 миллион долларға өткізілетін 11 кездесу аясында үш жекпе-жек пакетін ұсынды. Біріншісін Альварес 2 мамыр Лас-Вегаста екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) өткізуі тиіс.

 

Кейін 12 қыркүйекте "Канело" Головкинмен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек Лас-Вегас немесе Техастағы AT&T Stadium стадионында өтуі ықтимал. Ақпарат бойынша бұл GGG-дің көңілінен шығып тұр.

 

Ал үшіншісі, егер "Канело" Головкинмен жекпе-жектен аман-есен шықса желтоқсанда өтеді. Осылайша, мексикалыққа орта дивизионда WBA "регуляр" чемпионы жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 KO) кездесу ұсынылды.

 

Айта кетейік, Скиппер мен "Канело" арасындағы келіссөз Golden Boy промоутерлерінің қатысуынсыз өткен. Мексикалық боксшы мен промоутер Оскар Де Ла Хоя арасындағы қатынас әлі де суық.

 

kaz.vesti.kz