Промоутер "Канелоның" келесі жекпе-жегіне қатысты мән-жайды айтып берді

14 ақпан, 10:08
0 1

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегін мамырда Лас-Вегаста өткізеді, - деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

 

Жекпе-жекке қатысты мән-жайды BoxingScene және LA Times баслымдарының журналисті Манук Акопян промоутер Оскар Де Ла Хойяға сілтеме жасап айтып берді.

 

"Оскар Де Ла Хойя маған "Канелоның" қарсыласымен келісімге келуге аз қалғанын және ресми құлақтандыру болатынын айтты: "Канело" мамырда жұдырықтасатыны анық, жоспарда - Лас-Вегас. Қарсыластың атын атағым келгенімен, айта алмаймын, өйткені боксшы өзінің еңбекақысына тағы бір нөл қосады. Біздің тізімде бірнеше боксшы тұр. Бізде қарсылас таңдауы бар", - деп жазыпты Акопян твиттер желісінде.

 

Еске салайық, Альварес кейінгі жекпе-жегінде ресейлік Сергей Ковалевті (34-4-1, 29 КО) нокаутқа түсірген.