Алматыда тауда әйелдің мәйіті табылды

23 ақпан, 15:33
430

Оны тұрғындардың бірі таңертең жүгіріп жүргенде байқаған. Бірден 102 нөміріне хабарласып, болған жағдайды айтты
Алматыда тауда әйелдің мәйіті табылды. Полицияның ақпаратына сәйкес, әйелдің кім екені анықталып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"23 ақпанда Медеу ауданының таулы аймағында түр-келбеті еуропалық 40-45 жастағы белгісіз әйелдің денесі табылды. Оның жеке басы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп атап өтті Алматы полициясы.
Ақпарат әуелі әлеуметтік желіде пайда болды. Тұрғын әйелдің денесін таңғы жүгіру кезінде көріп, полицияға хабарлаған.

"Таңертең Алматы тауында әйелдің мәйіті табылды. Болжам бойынша, ол өз-өзіне қол салған. Оқырмандарымыздың бірі таңертең жүгіріп жүргенде байқаған. Ол бірден 102 нөміріне хабарласты", - деп жазды Qumash Telegram арнасы.

Айта кетейік, Алматыда 2019 жылдың 9 қарашасында Әсел Панарғалиева есімді бойжеткен тауға жалғыз өзі шығып, жоғалып кетті. Оның денесі жарты жылдан кейін 31 мамырда Үлкен Алматы көлінің маңынан табылды.