Шымкентте әскери қызметкер қызды оны зорламақ болғандардан құтқарып қалды

23 ақпан, 14:44
418

Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі хабарлағандай, гвардияшы Артем Калашниковты қызды оны зорламақ болғандардан құтқарғаны үшін "Қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін" медалімен марапаттады.

 
"Артемнің бұл әрекеті әрбір қазақстандық үшін, әсіресе оның әріптестері үшін үлгі. Ол демалыста болғанына қарамастан, гвардия азаматтық және кәсіби борышының жоғары сезімін бір минутқа да ұмытқан жоқ, - деді медальді табыстаған "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Талапкер Амриев.

Калашниковқа Шымкент полициясының басшылығы тарапынан грамота табысталды.

13 ақпанда түнгі сағат бір шамасында Калашников қыздың көмек сұрап айқайлағанын естіді. Жақындағаннан кейін ол қызды зорлауға тырысқан екі ер адамды байқаған. Калашников ер адамның бірін итеріп жіберіп, екіншісіне қарай бағыт алды, олардың арасында төбелес басталған.

Полиция алғашқы күдіктіні ұстады, екіншісі ол уақытта жасырынып үлгерді. 21 ақпанда екінші күдікті де ұсталды. Ол кәнсін мойындаған.