Алматыда таудан қыздың мәйіті табылды

23 ақпан, 14:06
329

Бүгін таңертең Алматыда таудан қыздың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz
трупҚыздың мәйіті табылғаны туралы ақпарат Qumash телеграм каналында жарияланды.

"Бүгін таңертең Алматы тауынан қыздың денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол ағашқа асылып қалған. Өлі денені біздің оқырман таңертеңгі жүгіру кезінде байқап қалған. Куәгер "102" қызметіне хабарласып, оқиға орнында полиция және медицина қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - делінген желідегі жазбада. 

Алматылық ПД ақпаратты тексеріп жатқанын жеткізді.