Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды

23 ақпан, 10:36
423

Бүгінгі таңда 20 780 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатса, олардың ішінде 4 638 пациент стационарда, 16 097 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды. Ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі жариялады.

Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан бір адам қайтыс болды.

Ал оның алдында бір күнде коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды.

Сонымен қатар бір тәулікте 692 адамнан коронавирус анықталды, 8 адам пневмонияға шалдықты.

23 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 780 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 638 пациент стационарда, 16 097 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 245 адамның жағдайы ауыр, 55 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 48 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы 208 809 адам коронавирус жұқтырды, 2 707 адам қайтыс болды.

2020 жылдың бірінші тамызынан бері 48 991 адам пневмонияға шалдықты, 613 адам көз жұмды.

sputnik.kz