Путин ресейліктерге коронавирусқа қарсы жаппай вакцина егуді бұйырды

14 қаңтар, 00:53
190

Ресей президенті Министрлер Кабинетімен кездесуінде келесі аптадан бастап ресейліктерді коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялауға көшу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz РИА басылымына сілтеме жасап.

«Біздің вакцина тасымалдау үшін ерекше жағдайларды қажет етпейді, бізде барлығы әлдеқайда жеңіл және тиімді», - деді Путин.

Коронавирусқа қарсы азаматтық вакцинация Ресейде желтоқсан айының басында басталды. Вакцинаны қарсы көрсетілімдер тізімінен созылмалы аурулары жоқ 18 жастан асқан адамдарға, сондай-ақ соңғы 30 күнде ЖРВИ  белгілері болмаған тұрғындарға егуге болады. Ескерте кетерлік жайт, вакцинация жүкті және емізетін әйелдерге қарсы көрсетілген.

Бірінші кезекте олар негізгі қауіп тобындағы азаматтарды вакцинациялауды қолға алады. Олар дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер, сонымен қатар мәдениет мекемелерінің, сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарының, көлік және энергетика, өнеркәсіп және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, құрылыс жұмысшылары, еріктілер, студенттер де қосылды.