Еліміздің бірқатар облысында жол қозғалысына шектеу қойылды

13 қаңтар, 23:53
200

Солтүстік Қазақстан облысында 13 қаңтардағы кешкі уақытта ауа температурасының төмендеуіне байланысты дизельді және қоғамдық автокөліктер үшін барлық бағыттар бойынша қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Ақмола облысында:

1. «Көкшетау-Рузаевка» 0-61 км., Көкшетау қаласынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске.
2. «Көкшетау-Омбы». 2-50 км., Көкшетау қаласынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске.
3. «Нұр-Сұлтан-Петропавл» 304-341 км., Көкшетау қаласынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске. .
4. «Нұр-Сұлтан-Петропавл» 18-231 км., Нұр-Сұлтан қаласы-Щучинск қаласы.
Қостанай облысында:

1. «Екатеринбург-Алматы» 686-729км., Сарыкөл ауылынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске.
2. «Мамлютка-Қостанай» 180-250км., Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан бастап Ұзынкөл ауылына дейінгі учаскеге шектеу енгізілді.
Ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) қозғалысқа:

Алматы облысында автокөліктің барлық түріне «Үшарал-Достық» автожолының 83-184км., Көктума станциясынан бастап Достық станциясына дейінгі учаскеге;

Шығыс Қазақстан облысында жүк көліктеріне «Омбы-Майқапшағай» автожолының 1087-1256 км., Боғаз ауылына бұрылыстан бастап, Зайсан станциясына дейінгі учаскеге шектеу енгізілді.