Қазақстанда карантиндік шаралар күшейтілуі мүмкін

13 қаңтар, 22:44
234

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Қазақстанның «сары» аймаққа ауысқанын мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысты. Ал сары аймақтан қызыл аймаққа екі облыс, яғни Қостанай мен Ақмола облыстары ауысты. Қазіргі уақытта сары аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстары тұр. Сондай-ақ қаңтар айында Батыс Қазақстан облысы жасыл аймақтан сары аймаққа көшті», &ndash деді Ерлан Қиясов.
Бас мемлекеттік санитар дәрігер солдай-ақ, карантиндік шаралардың күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

«Соңғы айда Атырау облысында науқастардың 3,7 есеге өсуі байқалады. Алматы обылсында &ndash 1,8 есеге, Қарағанды облысы мен Алматы қаласында &ndash 1,5 есеге өскен. Маңғыстау облысында &ndash науқастар саны 81-ден 315 жағдайға дейін, Түркістан облысында &ndash 102-ден 256 жағдайға дейін, Шымкент қаласында 150-ден 195 жағдайға дейін, Қызылорда облысында 48-ден 135 жағдайға дейін өсу байқалады. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай ескере отырып, бүгінгі күні халықтың көп жиналуын азайтуға бағытталған карантиндік шараларды күшейту қарастырылып жатыр», - деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.