Крещение мерекесінде суға түсуге рұқсат етіледі ме? Қиясов жауап берді

13 қаңтар, 22:23
207

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов "Христиандардың Крещение мерекесінде суға шомылуға рұқсат етіледі ме" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Әзірге жекелеген өңірлерде жергілікті санитарлық қызметтердің шешімімен шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. Бірақ жалпы республика бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақты жерлерде бұл шараларға тыйым салынбаған», - дейді бас санитар дәрігер

 
Қиясов суға түсу орындарындағы талаптарды атап өтті. 

"Әрине мұнда да, шара қатысушылары әлеуметтік қашықтық, жеке қауіпсіздік сынды талаптарды сақтауы тиіс", - деп қосты Қиясов.