14 қаңтарда Қазақстанның төрт облысында ауа райы нашарлайды.
Мамандар дауылды ескерту жариялады, кей жерлерде -37 градус болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
 
Батыс Қазақстан облысында 14 қаңтарда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Оралда да ауа райы тұман болып, жел тұрады.
Шығыс Қазақстанда бұрқасын, тұман болады. Температура 28-33 аязға дейін төмендейді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі деп болжануда. Ауа температурасы түнде 33-38 градус аязға дейін төмендейді.
Петропавлда аяз 35-37 градусқа дейін жетеді. Қызылорда облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді.