ДСМ коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны ресми түрде тіркеді

13 қаңтар, 17:53
175

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы отандық ғалымдар әзірлеген QazCovid-in вакцинасын уақытша тіркеуге алды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Нұрлыбек Асылбеков мәлімдеді.

«Министрлік барлық вакцина қолжетімді болу үшін туындаған мәселелерді пысықтауда. Отандық вакцина және «Спутник V» (ресейлік вакцина) бойынша тыңғылықты дайындығымыз бар. QazCovid-in вакцинасын уақытша тіркеу - 31 желтоқсаннан бастап 9 айға берілді. «Спутник V» вакцинасы бойынша дайындық жүріп жатыр, тиісті тіркеу дерегін ұсыну қажет. Оған да осы қаулы аясында 15 желтоқсаннан бастап тіркеу берілуі мүмкін», &ndash деді Нұрлыбек Асылбеков ОКҚ-да өткен брифингте.
Еске сала кетейік, 19 желтоқсанда отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы басталды. Оның шеңберінде 3 мың ерікті азаматқа екпе егілуде.