Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штамы Қазақстанда тіркелді ме?

13 қаңтар, 17:52
221

Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қыркүйек айында Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штамы жайлы айтты.

«Вирустың жаңа штамы Аустралия, Дания, Италия, Исландия, Нидерланд, Ресей және басқа да елдерде анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл вирустың басқа түріне қарағанда жастар арасында тез тарайды. Феномен әлі де зерттеліп жатыр, бұл тек алдын ала мәлімет», - деді вице-министр.
Ерлан Қиясовтың айтуынша, вирустың жаңа штамы Қазақстанда әлі тіркелмеген. Дегенмен, вирустың ауа-тамшы жолдары арқылы тарайтынын ескерген вице-министр оның Қазақстанда да тіркелу қаупін жоққа шығаруға болмайтынын айтты.