Коронавирустың жаңа штамы Қазақстанға келе ме: Бас санитарлық дәрігер айтып берді

13 қаңтар, 17:35
249

"Қыркүйек айында Англияның оңтүстік-шығыс бөлігінде коронавирустың жаңа штаммының алғашқы жағдайы анықталды (MERS-CoV-2 VI 2012/01), ол генетикалық желінің көптеген өзгерістерінен тұратын вирустық геномдық секвенирлеу көмегімен анықталды", - дейді бас санитарлық дәрігер. 

 
Бас санитарлық дәрігер қазіргі таңда елімізде коронавирустың жаңа штамы анықталмағанын айтты. Алайда оның келу қаупі бар. 

"Алдын ала деректер бойынша аталған вирус халықтың жас топтары арасында белсенді таралуда. Бірақ бұл тек алдын ала деректер, оны зерделеу жалғасуда. Қазақстанда вирустың бұл типі анықталған жоқ. Вирустың ауа-тамшы арқылы берілу механизмін ескере отырып, оның елімізге әкеліну қаупін жоққа шығаруға болмайды", - дейді Қиясов.