Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

13 қаңтар, 17:20
179

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

14 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ,
жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде күші
15-20 м/с.
Орал қаласында 14 қаңтар тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%

14 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде жаяу
бұрқасын, тұман күтіледі, ауа температурасы 28-33 аязға дейін төмендейді,

 
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ауа температурасы түнде 33-38 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.
Петропавл қаласында түнде 14 қаңтарда ауа температурасы 35-37 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

14 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с
күтіледі. Қызылорда қаласында 14 қаңтарда күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.