Қазақстан мектептеріндегі асханалар ашылатын болады

13 қаңтар, 16:50
215

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов онлайн-брифинг барысында мектептегі асханаларды ашу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Вице-министр бұл мәселенің талқыланып жатқанын айтты. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты мектеп асханалары жұмыс жасайтынын айтты. 

 
"Мектептің асханаларын ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Асханаларды ашу туралы ұсыныстар түсіп жатыр. Бірақ асханалар тек қана эпидемиологиялық жағдай жақсы аймақтарда ғана жүзеге асырылады. Ашылған күннің өзінде, барлық санитарлық талаптар сақталатын болады", - дейді Қиясов.