Алматы облысында карантин шектеулері күшейтіледі

21 қараша, 00:28
0 1

Алматы облысында жаңа шектеу шаралары күшіне енеді. Бұл туралы Алматы облысының бас санитариялық дәрігері Ерғали Сыдыманов мәлімдеді.

Жаңа қаулыға сәйкес: 

Қоғамдық көліктің жұмысы 23.00-ге дейін ұзартылады. 


Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жүруге тыйым мен 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу сақталады.


Атап айтсақ, келесі нысандардың қызметі бұрынғыша тоқтап тұр:

50-ден аса отыратын орны бар қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (асхана, дәмхана, кофе, мейрамханалардың және басқа да мекемелердің);

Саны 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйым;

Ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютерлік клубтар, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалар);

Оқу-жаттығу сабақтарын қоспағанда, бассейндер;

Ойын мекемелері, казино, құмар ойындар өткізілетін ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар.

Жаңа қаулы 22 қарашада 7:00-ден бастап күшіне енеді.


BAQ.KZ