Нұр-Сұлтанда құрылысы бітпеген ғимараттан өрт шықты

17 қазан, 23:11
0 1

Нұр-Сұлтанда Мәңгілік ел даңғылының бойында орналасқан құрылысы бітпеген ғимарат өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрылысы бітпеген «Көркем-4» тұрғын үй кешенінде битум жұмыстары жасалып жатқанда ағаш «поддондар» өртенген. Қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды», - деп жазылған хабарламада.
Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.