Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

17 қазан, 21:20
0 1

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

18 қазан Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с, түнде 23 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан, батыстан 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүруі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы плюс 2-10 градусқа дейін күрт төмендейді.

Павлодар облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы плюс 2-10 градусқа дейін төмендейді.