Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі спортшылардың шетелге шығуына тыйым салды

17 қазан, 18:33
0 1

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазақстандық спортшыларға шетелге шығуға тыйым салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Әлемде сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты шекарада бақылауды күшейту мақсатында спортшылардың оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысу үшін елден тыс жерлерге шығуына тыйым салынды; Украина, БАӘ, Германия және Беларусь Республикасымен әуе рейстерінің саны қысқарды; анықтамалар болмаған кезде екі жақты халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілерді ПТР тестілеу енгізілді", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің ресми хабарламасында.

 
Спорт порталының мәліметінше, футболдан Қазақстан құрамасы, "Астана" баскетбол клубы және "Барыс" хоккей клубы сырт алаңда күнтізбелік матчтар өткізеді. Олар бойынша жеке шешім қабылдануы мүмкін.