Талдықорғандағы әскери госпитальдің бұрынғы бастығы мен бас медбикесі ұсталды

17 қазан, 14:43
0 1

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талдықорған қаласындағы әскери госпитальдің бұрынғы бастығы мен аталған госпитальдің бұрынғы бас медбикесіне қатысты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша тергеуді бастады.

«Олар жұмысқа орналастырғаны және қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін және СOVID-19 індетіне қарсы күрестегі қызметі үшін госпиталь қызметкерлеріне түскен үстемеақының 50% мөлшерін құрайтын 1 млн теңге ақшалай қаражат алуда күдікке ілінді», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
2020 жылғы 13 қазанда әскери госпитальдің бұрынғы бастығына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қазіргі уақытта осы іс бойынша тергеу жалғасуда.